RU

Елордада жасы 30-ға тақаған қыздар неліктен "Аналар үйін" паналап жүр?

Елордада жасы 30-ға тақап қалған қыз-келіншектер сүйіктілеріне алданып, жүкті болып қалу оқиғалары жиілеген. Ата-аналарына жақсы жаңалығын жеткізуге қорқатын олар "Аналар үйін" паналап жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Deti mail.ru
Көрнекі фото: Deti mail.ru: Facebook

Нұр-Сұлтандағы "Аналар үйінің" үйлестірушісі Айжан Диханова жасы үлкен қыздардың не себепті мұндай жағдайға душар болатынын түсіндіріп берді.

"Бізде қазір 13 қыз-келіншек жатыр, олардың көпшілігінің жасы 28-30 жас аралығын құрайды. Соңғы 5-8 жылда осындай жағдайлар көбейген.
Бұрындары 18 жастағылар, сосын осында оқуға келіп, оқуларын бітіріп, жігіттерге алданып қалатындардың жасы 23-25 жас аралығын құрайтын. Ал қазір керісінше, жасы үлкен қыздар көп", - деп түсіндірді маман.

Өкініштісі, жасы үлкен қыздар ана болғандарын тіпті ата-аналарына да айта алмайды екен.

"Бәрінің ата-анасы, аға-әпкелері, туыстары бар. Соларға айтуға қорқады. Көбісі пәтер жалдап тұратындықтан, оның ақшасын төлей алмай, осындай қиын жағдайға қалып жатады. Сөйтіп біздің Аналар үйіне келеді", - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800546-elordada-zasy-30-ga-takagan-lken-kyzdar-zigitterge-aldanyp-kalatyn-bolgan.html