RU
"Сол күн әлі есімде": Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған сарбаз қызметіне қайта оралды
Жаңалықтар Қоғам

"Сол күн әлі есімде": Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған сарбаз қызметіне қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде теракт кезінде қаза болған жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Аспанға оқ атып "Қаралы күн енді болмасын, ана жесір, бала жетім қалмасын" деп өлең оқыған жауынгерлер бір сәттік үнсіздікпен үш жыл бұрынғы қаралы жексенбіні еске алды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

аааааа

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбедегі террорлық шабуыл кезінде өкпесінен жараланған сарбаз әскери қызметтен кетпеген.

Еламан Жанділдаев кеудесін оққа тосып, елін қорғауды борышы санайды.

Қақтығыс кезінде ұзақ уақыт ем алған қызметкер жұмыс орнына қайтып келген.

Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған сарбаз: Әскери қызметті жалғастыра беремін

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"5 маусымда болған жағдай әлі күнге есімізде. Сол күні мен автопарк аймағында кезекшілікте едім. Оқиға 2:30 шамасында болды.

Әскери бөлімге бейтаныс адамдар шабуыл жасады. Өкпе тұсымнан оқ жарақатын алдым. Жансақтау бөлімінде екі күннен кейін есімді жиғанмын.

Ауруханада төрт айға жуық ем алдым. Осы жағдайларға қарамастан әскери қызметімді жалғастырамын деп шештім. Себебі менің таңдауым осы сала", - дейді кіші сержант Еламан Жанділдаев.
Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған сарбаз: Әскери қызметті жалғастыра беремін

Фото: KAZ.NUR.KZ.

24 жастағы жігіт Ақтөбеге Қызылорда облысы Амангелді ауылынан әскери борышын өтеуге келген.

Кейін келісім-шартпен жұмысқа қалған сарбаз сол өңірдің қызымен отау құрған.

"Қазір Ақтөбе қаласында тұрып жатырмын. Осы жақтың қызына үйлендім. Бір ұлымыз бар. Жолдасым мұғалім. Пәтер жалдап тұрамыз. Біз елге қызмет етуге әрқашан дайынбыз", - дейді кіші сержант.

Айта кетерлігі, жауынгерлер "Ақжар" оқу-жаттығу алаңында оқ атудан турнир өткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel