RU
Ерекше стилімен көзге түскен аула сыпырушы атай Қазнетті тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ерекше стилімен көзге түскен аула сыпырушы атай Қазнетті тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанайдағы әділет департаментінің аула сыпырушысы желі қолданушыларын өзінің ерекше стилімен тамсандырды. 60 жастағы Сергей Бош жас кезінен талғаммен киінуді ұнатады деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz/Дмитрий Моргунов

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz/Дмитрий Моргунов

Сергей атай басылым редакциясына қала тұрғындарының бірі жіберген суреттен кейін танымал болған.

Басылым ерекше киінген атайдың фотосын әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін, желідегілердің қызу талқысына түсіп, олар қарапайым аула сыпырушысының киіну стиліне тәнті болған.

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz

Сергей атайдың гардеробында ондаған түрлі костюм бар екен. Олардың арасынан цыған, ковбой және джентльмен костюмдерін кездестіруге болады.

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz/Сергей Миронов

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz/Сергей Миронов

60 жастағы тұрғын осы уақытқа дейін құрылыста да, темір шебері болып та, жұмыс істеп, тіпті бизнеспен де айналысқан. Ол бірнеше жыл Германияда тұрып, кейін ата-анасына сырқатына байланысты оларға қарайласу үшін елге қайтып келген.

Ал әке-шешесінің өлімінен кейін жалғыз өмір сүруде.

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz

Сергей Бош. Фото: kstnews.kz

"Егер ер адам жалыз қалса ол өзіне қарамай, ішкілікке салынып, деградцияға ұшырайды деген пікірді естіп жатамын. Бұл дұрыс емес. Мен адам жалғыз болса да, өзіне лайықты болып жүру керек деп санаймын", - дейді Сергей Бош.
Сергей Бош әріптестерімен. Фото: kstnews.kz

Сергей Бош әріптестерімен. Фото: kstnews.kz

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
3
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel