RU
Бас прокуратура сайлау кезіндегі құқық бұзушылықтарға қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокуратура сайлау кезіндегі құқық бұзушылықтарға қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура елдегі президент сайлауында сайлаушылардың өз еркін білдіруінің нәтижелеріне күмән тудыруы мүмкін бұзушылықтар болмағанын мәлімдеді. Сонымен қатар құзырлы орган президент сайлауы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес өткізілген хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: prokuror.gov.kz

Фото: prokuror.gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, сайлау кезеңінде прокуратурамен 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотқа жіберілген. Олардың 30-ы соттармен қаралып, 6-ы қаралуда екен.

"Басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында азаматтарға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 108–бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы - бір дауыс - бір бюллетень). Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында.
Прокуратура органдарымен бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де бұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізілуде. Мәліметтердің көпшілігі расталмады.
Көптеген бейнежазбаларда оқиғалар болған учаскелер, аудан, қала, облыс туралы деректердің жоқтығына байланысты қалған фактілер бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа берілетін болады", - деп хабардар етті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
18
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel