Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойдан шыққан": Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Жамбыл облысының тас жолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысып, үш адам ажал құшты. Тағы екі жолаушы ауруханада хәл үстінде жатыр. Олардың тойдан шыққаны белгілі болды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: UGC

Телеарнаның мәліметінше, екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында қаза тапқан. Ал үшінші қайтыс болған жүргізушінің жасы 24-те болғаны хабарланды.

Жол апатының теп-тегіс жас жолда болғаны да айтылды.

Жеңіл көліктің бір-біріне соқтығысқан сәті аудан орталығы Құланның бақылау камерасына жазылып қалған.

Кадрдан, басты көшенің бойында "Меrcedes-тің" қарсы бетке шығып кетіп, "Volkswagen Passat-қа" қарай бағыт алғанын аңғаруға болады.

Жол апатының жылдамдықты асыру салдарынан болуы мүмкін екендігі хабарланды.

Бір көліктің спидометрі сағатына 135 км жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған.

Полицияның айтуынша, екі көлікте тойдан қайтып келе жатқан.

Тәртіп сақшылары қайтыс болған екі азаматтың кішкентай балалары болғанын алға тартты.
Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800595-tojdan-sykkan-zambyl-oblysynda-zol-apatynan-s-adam-kaza-tapty/

pixel