RU
Қайтыс болған "Атырау аруының" жантебірентерлік видеосы елді жылатты
Жаңалықтар Қоғам

Қайтыс болған "Атырау аруының" жантебірентерлік видеосы елді жылатты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше қайтыс болған Гаухар Қасаеваның Instagram парақшасында жарияланған видеосы барша қазақстандықтарды жылатты. Бойжеткеннің өзі түскен жантебірентерлік бейнежазбада өмірдің соңғы күні туралы нақыл сөздер айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Екі жыл бойы қатерлі ісікпен күресіп келген ару кеше көз жұмды. Желі қолданушылары Гаухар Қасаеваның қазасына әлі де қайғыра көңіл білдіріп жатыр.

Өмірмен жастай қош айтысқан бойжеткеннің парақшасына қарап, ол өзін ауырып жатқан адам іспетті көрсеткісі келмегенін аңғаруға болады. Гаухар көбіне терең ойлы әрі мотивациялық жазбаларды жүктеп тұрған.

Алайда, ауыр дертпен соңына дейін күрескен арудың желідегі видеосы көптің жүрегіне жетіп, оқырмандарды жылатқан. Желідегілер өмірдің соңғы күні туралы түсірілген бейнежазбадағы жылы жүзді Гаухарға қарап, еркісіз көздеріне жас алған.

"Егерде ертең сен оянбай қалсаң, егер бүгін сенің өміріңнің соңғы күні делік. Бұл өмірде істеп үлгерген істерің үшін мақтана аласың ба? Өйткені жауабың "жоқ" болса, онда өміріңде көп нәрсені өзгерту керек деген сөз" , - деп айтылды видеода.

Сіздің реакцияңыз
18
11
4
133
3
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel