RU

Шаһизада қыз ұзатқаны үшін өзін қатаң сынға алғандарға жауап берді (видео)

Тыңдармандарының шақыртуымен қыз ұзатқан Шаһизада бұл ісін ұнатпаған көпшілікке жауап берді. Желідегілер екі рет тұрмыс құрған әншінің қыз ұзатқанын сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық өнер иесі бұл жайында өзінің Instsgram парақшасында айтты.

"Сіңлілеріме "Барған жерді бақытты ет. Бағың жансын, айналайын" дегім келеді. Әр қыздың тағдыры маңдайына жазылған дейді. Қыз ұзатқанда әйел болып қиналғанымды емес, аруларға барлық жақсылықтарды тілеп тұрамын.
"Күйеуден ажырасқан сізге қыз ұзатуға болмайды" деп айтасыздар. Бірақ, той иесі ұсыныс жасаса, жоқ дей алмаймын. Өйткені мен барлық әпке-сіңлілеріме әйел бақытын тілеймін", - деді Шаһизада.

Ал желі қолданушыларының бірі әншіге қолдау білдірсе, екіншілері өнер иесіне ұзатылған қыздың қолынан ұстамауға кеңес берген.

"Дұрыс айтасыз", "Бәрі Алланың қалауымен", "Маңдайына жазылғанын көрер",

"Енді барлық жағдайды өзіңіз біліп отырсыз", "Қазақ ырымшыл халық. Айтқаны дәл келіп жатады. Жаңа түскен келіннің жанына ажырасқан немесе күйеуі өлген жеңгелерін тұрғызбаған. Әркімнің өз пешенесі бар дегенмен, үлкендер біліп айтқан".

"Сіздің ән айтып, тілеулес болып, шығарып салғаныңыз орынды. Бірақ, қыздың қолынан әулетте елге сыйлы, туыс-туған жеңгелері ұстағаны абзал. Сіз жанында әніңізді айтып жүрсеңіз дұрыс болар еді" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Шахизада көпбалалы ана болуды армандағанын айтып, өзегін өртеген өкінішімен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800605-saizada-kyz-zatkany-sin-zin-kata-synga-algandarga-zauap-berdi-video.html