Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік қалталы кәсіпкерлер қайырымды іс жасаудан жарысып жатыр

Опубликовано:

Аөтөбеде көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж аналардың қуанышында шек жоқ. Облыс әкімінің қолынан сертификат алған аналар "Алла сізге разы болсын" деп алғыстарын жаудырды. Жергілікті билік кәсіпкерлер аударған миллиондарды алғашқы жарна көлемімен көпбалалы аналарға бөліп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Төрт балам бар. 21 жасымда ана болдым. Алғашында екі-үш жылдай ата-енеммен тұрдық. Пәтер жалдап жүргенімізге де алты жылдан асты. Төрт баламен кішкентай пәтерге сыймаймыз. Үлкенім мүгедек. Кішкентай кезінде басының тамырына салқын тиіп, ойлау қабілеті дамымай қалды. Осы баламен еш жер пәтерге алғысы келмейді. Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Енді пәтерге де жетеміз деп отырмыз",- деді 30 жастағы келіншек Гауһар Баукешова.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Жергілікті кәсіпкер Амангелді Майтеков "Қолғанат-Ақтөбе" қайырымдылық қорына 11 млн 500 мың теңге аударған. Бұл қаржыға 25 анаға пәтер алуға алғашқы жарна сертификаты табысталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сонымен қатар, демеушілер қолдауымен 5  отбасыға пәтер кілті табысталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Өткен аптада Марат Серғазыұлы бөлген 20 миллион теңгеге бірнеше отбасыға баспана алуға көмек көрсетілді. Бүгін Амангелді Шамшекұлы дәл осындай қайырымдылық шараға ат салысып отыр. Әрине қайырымдылық жасайтын ағаларымыз көбейе берсін. Дей тұрғанмен әр адамның тағдыры өзінің қолында. Жауапкершілік ортақ болу керек",-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

"Жұбановтар әлемі"  шығармашылық орталығында өткен салтанатты марапаттау шарасының соңы әнші Нұрлан Абдуллиннің қайырымдылық концертімен жалғасты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қайырымдылық шарадан түскен қаражат  мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800620-aktbelik-kaltaly-ksipkerler-kajyrymdy-is-zasaudan-zarysyp-zatyr-foto/

pixel