RU

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін Қазақстанда мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz: Facebook

Бірыңғай тестілеу еліміздің барлық қалаларында басталып кетті. Биыл ҰБТ-ны мемлекеттік оқу гранттарын алуға мүмкіндігі бар жүз мыңнан астам түлек тапсыруда.

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, ҰБТ-ға қатысы туралы өтініштер бірінші сәуір мен 10 мамыр аралығында қабылданған. ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіргендердің жалпы саны - 117 242 түлек. Олардың 96 380-і мектепті биыл тәмәмдап жатқан оқушылар болса, қалған 20 862 адам бұрын бітірген түлектер.

Биылғы ҰБТ-2019 нәтижелерін @EDU.GOV.KZ bot атты Telegram боты, edu.mail.kz бен www.testcenter.kz ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады.

Ол үшін бар болғаны әркімге берілетін тестілеудің жеке нөмірін енгізу керек.

Министрлік биыл ҰБТ тапсыру кезіндегі кез келген заңбұзушылықтың алдын алу үшін нақты қадамдар жасап отыр.Өзге адамдардың көмегімен жақсы нәтижеге қол жеткізу оқиғалары ҰБТ-ның әділдігіне деген сенімді жоққа шығарады.

"Біз түлектер мен олардың ата-аналарына, барша азаматтарға шетте қалмай, мұндай жағдайға атсалысуға шақырамыз. Егер сіздерге дұрыс жауаптар кодын сатып алуды ұсынса, немесе тестілеу кезінде көшіріп отыру мен бөтен адамдардың жүргенін байқасаңыз мына нөмірге хабар беруіңізді сұраймыз: +7 (7172) 69-50-87. Оған қоса, @EDU.GOV.KZ bot Telegram ботына хабарлама жіберуге болады. Өз тарапымыздан біз сіздің есіміңізді жарияламауға уәде етеміз ",- деп жазылған білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.

Туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету мен тесттің барынша әділ өтуі үшін тәулі бойы 8-800-080-7177 нөмірлі қоңырау шалу орталығы жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800623-kazakstanda-lttyk-birygaj-testileu-bastaldy.html