Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үй өртенді: Екі бала мен үш ересек адам құтқарылды

Опубликовано:

Алматыда 20 маусымға қараған түні тоғыз қабатты тұрғын үй өртенді деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: veshkaima-vesti.ru
Көрнекі фото: veshkaima-vesti.ru: UGC

Өрттің пайда болуына алтыншы қабаттағы ас үй мен балкон себепші болған.

Қалың түтіннің салдарынан бірнеше қабаттың тұрғындары өз пәтерлерінен шыға алмай қалды.

Газ-түтіннен қорғау қызметі бір уақытта өртті сөндіріп, тұрғындарды эвакуациялады.

Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттағы екі бала мен үш ересек адамды эвакуациялады. Құтқарушылар олардың үстін ылғалды ормалмен жауып, көрпеге орап, қолдарына көтеріп шықты.

45 жастағы әйел адамға оттегі қалпақты кидіртіп, аман алып қалды.

Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800628-almatyda-kpkabatty-j-rtendi-eki-bala-men-s-eresek-adam-ktkaryldy/

pixel