RU
Желідегілер егін жинаушыдан өзін артық санаған сәнқойды сынап тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Желідегілер егін жинаушыдан өзін артық санаған сәнқойды сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Сәнқой Натали Шлатер Instagram парақшасына жүзуге арналған киіммен Бали аралдарында түскен суретін жүктеген. Алайда бойжеткеннің сурет астында қалдырған жазбасы желі қолданушылардың ашуын шақырды деп хабарлайды life.ru деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Суретте Натали күріш алқабында тер төгіп жүрген жұмысшыға қарап тұр. Сәнқой суреттің астына "Менің өмірімнің мына күріш алқаптарында егін жинап жүрген ер адамның өмірінен өзгеше екенін ойлап тұрмын" деп жазды.

12 мың оқырманның басым бөлігі бойжеткеннің жазбасына түрлі пікір жаудырған, Олар аталған жазбаны "мейірімсіз" деп тауып, ең нашар жазбалардың бірі екенін алға тартқан.

"Бұл ер адам біз секілді дәрежеге ұмтылмаса да, өз өміріне риза болуы мүмкін", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Стокгольмнен келген Натали оның сөздерін жұрт дұрыс түсінбей қалғанын айтты. Алайда соңынан парақшасын өшіріп тастауға бел буған.

"Мен осы сапарға жеткілікті қаражат жинау үшін көп жұмыс істедім. Менің жазбамды адамдар әлеуметтік клитаттың салдарынан дұрыс түсінбей қалғанын түсінемін. Уақытты артқа қайтара алсам, өз ойымды басқаша жеткізер едім", - дейді ару.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel