RU

Елордадағы бақта кеуіп, қурап қалған шырша қала тұрғынын шошытты (фото)

Елордалық тұрғын KAZ.NUR.KZ редакциясына ботаникалық бақта қурап, керексіз болып қалған шыршаның суретін жіберді. Ер адам былтыр ғана ашылған бақтың қараусыз қалғанына күйінді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өзін Жанат деп таныстырған ер адам ботаникалық бақта былтыр ғана егілген талдардың қурап жатқанын айтты.

"Талдар қурап, бақтың ішін шөп басып қалған. Суы да тартылып жатыр. Өкініштісі былтыр ғана салынған бақ қой? Немереміз екеуміз күнде аралаймыз, жабайы шөп деген белуардан келеді.

Шөп қалың болғандықтан, күнде кешкісін шіркей мен масаға көп болады. Мені қойшы, немереме обал, талап тастайды.

Әттең қалың шөптің де суретін түсіріп алмаппын. Бірақ мына шыршаны суретке түсіріп алдым. Қанша мың теңге сатып әкелінеді, отырғызылады, кейін осылай қурап қалады. Ол аздай осылай лақтырып тастаған. Обал емес пе?", - деп күйінді ер адам.

Сонымен бірге ол ботаникалық бақта тек ел көп жүретін жерлерге ғана күтім көрсетілетінін, қалған бос жерлер қараусыз қалатынын түсіндірді.

"Бәленбай мың аумақты алып жатыр. Қараусыз қалған жерлері көп, тіпті кей жерлері шаң-топырақтың астында қалған. Бәлкім осылай жазып, БАҚ беттеріне шығарса, мәселе түзелер", - деп сөзін қорытындылады ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800659-elordadagy-bakta-keuip-kurap-kalgan-syrsa-kala-trgynyn-sosytty-foto.html