Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғы қызымен жүреді": Күйеуінен әбден шаршаған әйел ажырасуды ойлап жүр

Опубликовано:

Жұбайымен тоғыз жыл бұрын отау құрған келіншек бүгінде үшінші баласын дүниеге әкелгелі отыр. Дегенмен жақында тағы да ана бақытын сезінетін ол әйел ретінде өз бақытын жоғалтып алғандай күйде жүр. Себебі, оның күйеуі көзіне шөп салып, басқамен көңіл қосқан екен. Сорақысы, отағасы жіпсіз байланған әйел өзінің бұрынғы сүйіктісі көрінеді. Бұл туралы келіншектің өзі "Әйел құпиясы" парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: otvetnavse.com
Көрнекі фото: otvetnavse.com: Facebook

Келіншектің сөзінше, күйеуі мен бұрынғы ғашығының үйленуіне туыстары қарсы болған.

"Күйеуім үйленбей тұрғанда бір қызбен жүріпті. Туысқандары қарсы болып, алдыртпаған екен. Жүргіш, жүрісі көп қыз деп естідім. Осыдан төрт жыл бұрын әлгі қыз екі баламен ажырасып келіпті.екеуі қайта кездесіп жүрген. Жүрісі белгілі болып қалып, шаңырағымызда біраз шу болған. Қанша қиын болса да, балалар үшін кешірген едім. Жігіт, қыз болып, жақсы көріп үйленген сияқты едік.
Өз басым жақсы көріп, сыйлаймын. Енді тағы алдап жүргенін сеземін. Өтірікті көп айтып кетті, бітпейтін іс-сапар. Кеше тағы үйге қонбады, айтқан сылтауы өтірік болып шықты. Сонша жыл ұмыта алмаса, алысып қайтемін. Ажырасамын деп шештім", -дейді ол.

Әлі де ойын жинақтай алмай жүрген әйел көпшіліктен кеңес сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800663-bryngy-kyzymen-zredi-kjeuinen-bden-sarsagan-jel-azyrasudy-ojlap-zr/

pixel