Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роман Скляр Нұр-Сұлтан маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Нұр-Сұлтан маңында құлаған АН-2 ұшағына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com: Depositphotos

Шенеунік төтенше жағдай туралы енді ғана естігенін айтты. Ал қызметкерлер оқиға орнына аттанған.

Роман Скляр оқиғаға қатысты толыққанды ақпаратты кейінірек беретінін жеткізді.

"Маған ештеңе хабарлаған жоқ. Біз жиналыста болғанбыз. Оқиғаның тергеу жұмыстарымен біздің арнайы басқарма айналысып жатыр. Ақпаратты солар береді", - деді министр.

Сонымен қатар Скляр Қазақстанда мұндай ұшақтарды қолданатын компаниялар жеткілікті екенін деп атап өтті.

"Бізде мұндай ұшақтардың компаниялары мен парктері жеткілікті. Олар әркез жаңа бола бермейдің. Апаттың себептері әртүрлі. Бұл оқиғада жеке тексеру керек" , - деді министр

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.

Оқиғадан тағы екі адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800684-roman-sklar-nr-sltan-maynda-apatka-syragan-sakka-katysty-pikir-bildirdi/

pixel