RU

Нұр-Сұлтан маңында құлаған АН-2 ұшағының суреті пайда болды

Ан-2 ұшағы Нұр-Cұлтан маңында апатқа ұшырады. Қайғылы жағдай "Родина" ауыл шаруашылық құрылымдарының аумағында болған. Оқиға орнынан суретті Sputnik Қазақстан жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Апатқа ұшыраған Ан-2. Фото: Sputnik/ Стрингер
Апатқа ұшыраған Ан-2. Фото: Sputnik/ Стрингер: Depositphotos

Суреттен құлаған ұшақ далада жатқанын, ал жан-жағына майда бөлшектері шашырағанын аңғаруға болады.

Апат болған орын қоршауға алынған.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.

Оқиға өрістерді химиялық өңдеу кезінде орын алды.

Қайғылы жағдайға қатысты министр Роман Скляр пікір білдірді.

Кейіннен елорда маңында құлаған ұшақтан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800708-nr-sltan-maynda-klagan-an-2-sagyny-sureti-pajda-boldy.html