RU
Перуашев шенеуніктерге: Шалқып өмір сүргілеріңіз келе ме, ақша табыңыздар
Жаңалықтар Саясат және экономика

Перуашев шенеуніктерге: Шалқып өмір сүргілеріңіз келе ме, ақша табыңыздар

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламент палаталарының бірлескен отырысында Ұлттық қор қаражатын бюджеттің жыртығын жамауға пайдалануды тоқтатуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Ақ жол" партиясының ресми сайты

Фото: "Ақ жол" партиясының ресми сайты

Оның айтуынша, экономикалық базаның артта қалуында бюджет шығындарының кірістерден үнемі асып кету себебі жатыр.

Сондай-ақ, бұл жағдайға Ұлттық қордың қаражатын бюджеттің жыртығын жамауға қайта-қайта пайдалану да бұл істің себепкер болып отыр.

"Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, Ұлттық қордың шығындары тағы да кірістерден асып түскен. Яғни, қазіргі бюджет иелері оларға емес, қазақстандықтардың болашақ буындарына тиесілі қаражатты жұмсайды", - деді ол.

Ол "мемлекеттік және кепілдік берілген мемлекеттік қарыздың айтарлықтай өсуін" таңқаларлық деп атады.

"Біздің мемлекеттік органдар қаражат бойынша өмір сүрмеуді жалғастыруда және бұл әдеттер түбегейлі қайта қарауды қажет етеді деп айтуға болады. "Ақ Жол" фракциясы өңірлерде шенеуніктердің мемлекеттік есебінен ашық тәбет пен сән-салтанатқа деген махаббат мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.
Жергілікті басшылар бюджеттің ақшасына үйреніп алған. Үлкен пәтерлер мен қымбат автокөліктер, эбен ағашынан жасалған жиһаздар. Шалқып жүргілерің келе ме (мемлекет қазынасы қаржысына-ред), кәсіпке барып, ақша табыңдар", - деді Перуашев.

Сіздің реакцияңыз
3
5
0
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel