RU

Қарағанды облысында тас жолдың бойында жүрген пілдер жұртты таңырқатты (видео)

Әлеуметтік желіде "Қарағанды-Балқаш" жолында жүрген пілдердің видеосы тарауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысының тас жолында серуендеп жүрген пілдер жұртты дүрліктірді
Фото: instagram.com/patriotkaragandy видеодан скриншот: Facebook

Видео Instagramдағы patriotkaragandy парақшасында жарияланған.

Видеодан піл баласының шаттанып, топыраққа аунап жатқанын көруге болады.

Осы орайда бейнежазба авторы жануарлар циркте емес, жабайы табиғатта өмір сүру керектігін айтып, оларға еркіндік беруге шақырған.

"Жабайы жануарлармен ақша табуды қою керек. Оларға еркіндік беріңдер. Құдай мына пілдің баласын жерде өмір сүрсін деп жаратқан. Ал ол байғұс жерді сирек көреді", - деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары да олардың орны цирк емес екенімен келіскен.

"Қолдап, циркке бармай қояйық. Сонда сұраныс болмайды", "Дұрыс. Цирк пен хайуанаттар бақтарын ұнатпаймын. Жануарларға жаным ашиды", - деп жазды желідегілер.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қарағандыда маусымның 23 мен 30 аралығында "Пілдер карнавалы" өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800721-karagandy-oblysynda-tas-zolda-seruendep-zrgen-pilder-zrtty-tayrkatty-video.html