RU
Ісіне өкініш білдірді: "Дос-Мұқасан" әншісінің соты немен аяқталды?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ісіне өкініш білдірді: "Дос-Мұқасан" әншісінің соты немен аяқталды?

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық №2 сотында "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қаралып - ол билік өкілін қорлағаны үшін айыпты деп танылған. Алайда әнші өкініш білдіруіне байланысты жауапкершіліктен босатылған деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот айыпталушының тұлғасын - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс, сондай-ақ бірнеше марапат иегері болғанын да ескерген.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың да пікірі ескерілген.

"Есіл аудандық №2 сотында Мұрат Құсайыновқа қатысты істің қаралуы аяқталды. Басқару тәртібіне қарсы жасалған әрекет қылмыстық кодекстің 378 бабы 1 тармағына сәйкес қаралды.
Мұрат Құсайынов қызметтік міндеттерін атқарған билік өкілдерін қорлағаны үшін айыпты деп танылды, сот үкімі бойынша ол жасаған қылығы үшін өкініш білдіргеніне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Сот отырысында Мұрат Құсайынов зардап шекке полиция қызметкерлерімен татуласты", - делінген хабарламада.

Үкім әлі өз күшіне енген жоқ - қылмыстық кодекстің 65 бабының 1 тармағына сәйкес, қылмысты алғаш рет жасап отырған тұлғаның кім екеніне байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, сәуір айында БАҚ беттерінде аты аңызға айналған "Дос Мұқасан" тобы әншісінің елордалық әуежайдың қызметкерін ұрып жібергені туралы ақпарат тараған еді.

Кейін Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Сот отырысы жабық өтті.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
2
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel