RU
Киім ауыстыратын жерден жасырын камера тауып алған әйелдің төбе шашы тік тұрды

Киім ауыстыратын жерден жасырын камера тауып алған әйелдің төбе шашы тік тұрды

Рассказать Вконтакте

Қытайлық Чжун есімді келіншек дүкендердің біріне киім алуға кірген. Алайда киім ауыстыратын орынға кірген кезде айнаның шетінен шығып тұрған қара түймені байқап қалған. Түймеге қолын соза бермек болған келіншек оның шын мәнінде жасырын камера екенін біліп қойған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жааған KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman.rambler.ru

Фото: woman.rambler.ru

Чжунның айтуынша, жасырын камера айнаның жоғарғы жағына сағызбен жапсырылып қойыпты.

Оны көрген келіншек ашуға булығып, дүкен әкімшілігінен бұл жағдайды түсіндіріп беруін талап еткен.

Ашулы әйел адамды көрген әкімшілік абдырап қалған. Оның сөзінше, ол дүкенде 4 жыл жұмыс істеп, әлі күнге дейін мұндай жағдайды кездестірмеген. Қалған 9 киім ауыстыратын орыннан жасырын камера табылмаған.

Әкімшліктің ойынша, бұл камера дүкен қызметкерлеріне тиесілі болуы мүмкін емес. Сол себепті ол мұны келушілердің жасағаны деп отыр.

Чжунның басына түскен жағдай оны біраз әбігерге салған.

Келіншектің айтуынша, оны камераны тауып алмас бұрын қаншама нәзік жандының видеоға түсіп қалғаны уайымдатады екен.

Сіздің реакцияңыз
11
1
5
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel