Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкенттің Құрметті азаматы" атанған Қайрат Нұртас өзіне шүйліккендерге жауап берді

Опубликовано:

Күні кеше "Шымкенттің Құрметті азаматы" атанған Қайрат Нұртас бұл атаққа өзін лайық деп санамайтындарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Өз сөзін алдымен Аллаға, кейін анасына алғыс айтудан бастаған өнер жұлдызы Шымкент әкіміне құрмет көрсетіп, осындай атақ бергені үшін де алғысын айтты.

Әнші өзін "Құрметті азамат" атағына ие болды деген ақпаратты естіп, наразылық білдіргендерге де жауап қатты.

"Әркімнің ойы әртүрлі. Бес саусақ бірдей емес. Кім қалай ойлайды, бәрі тек бір Алланың қалауымен болып жатыр. Маған не десе де, сол кісілердің ұрпағына, отбасына осындай мәртебе бұйырсын деп тілеймін", - деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, "Құрметті азамат" атағын алғандар Шымкентте қоғамдық көліктермен тегін жүреді.

"Алдағы уақытта автобуспен тегін жүру мүмкіндігін пайдаланасыз ба?" деген сұраққа өнер иесі:

"Бұл өмірде не болатыны тек бір Аллаға ғана аян, басымызға түскенін көремін", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 19-шы маусымда Шымкентте қала күні өтті. Дәстүр бойынша мереке қарсаңында шаһардың "Құрметті азаматтары" қатары толығады. Мұндай атақ әнші Қайрат Нұртасқа да бұйырды.

Алайда кей желі қолданушылары Түркістан қаласында дүниеге келген әншіге бұл атақтың берілгенін қызу талқылап, "Қандай еңбек сіңірді?" деп сынның астына алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800760-kajrat-nrtas-zin-symkentti-krmetti-azamaty-atagyna-lajyk-emes-degenderge-zauap-berdi/

pixel