RU

Шахтинскте дуал құлап,12 жастағы бала көз жұмды

Бүгін 20 маусым күні Шахтинск қаласында қайғылы жағдай орын алды. Салынып жатқан ғимараттың жанында тұрған бетон дуал 12 жастағы баланың үстіне құлады. Жеткіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шахтинскте құлаған қорған 12 жастағы баланы өлтірді
Фото:NUR.KZ: UGC

Шахтинск әкімдігінде оқиға жеке тұлғаға тиесілі салынып жатқан ғимарат аумағында болған.

"Қайғылы оқиға жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жеке тұлғаға тиесілі құрылыстың территориясында орын алды. Бала онда не істеп жүргенін анықтап жатырмыз", - деді қала әкімдігінде.

Алған жарақаттарынан бала бірден көз жұмған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800762-sahtinskte-klagan-korgan-12-zastagy-balany-ltirdi.html