Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмек сұрап, айғайлады":Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының куәгері мән-жайды айтты

Опубликовано:

Жанармай құюшы болып істейтін Виктор Жмурик Нұр-Сұлтан маңында АН-2 ұшағының құлауының куәсі болған деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының куәгері: Зардап шеккен адам көмек сұрап, айғайлады
Фото: Facebook/Denis Krivosheyev: Getty Images

Оның сөзінше, апат жанармай құйғаннан кейін, ұшу барысында болған. Олар алғашында тарс еткен дауысты естіген, сосын жанып жатқан ұшақты көрген.

"Біз жүгіріп бардық. Су таситын көлік болған. Сонымен ұшақты сөндіре бастадық. Ұшақтан адамның дауысын естідік. Ол көмек сұрап, айғайлады. Тесіктерді тесіп, сосын оны алып шықтық", - деп еске алды Виктор.

Оның сөзінше, қаза болған ұшқыш ішінде жатқан. Ал зардап шеккендер ұшақтың жанында жатқан.

Еске сала кетейік, бүгін 20 маусым күні Нұр-Сұлтан маңында жергілікті сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.

Оқиғадан тағы екі адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800784-kmek-srap-ajgajladynr-sltan-mayndagy-sak-apatyny-kugeri-mn-zajdy-ajtty/

pixel