Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20-ға жуық сынық шығарды": Полковник гранатамен болған оқиға туралы айтты

Опубликовано:

ҰҚК Шекара қызметінің полковнигі оқу-жаттығу кезінде өз өмірін қатерге тігіп, сарбазды жарқыншақ гранатадан құтқарып қалған күні болған оқиғаларды баяндап берді деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Фото: Шекара қызметі, mvdlnr.ru
Фото: Шекара қызметі, mvdlnr.ru: Twitter

Офицер сарбаздың сол күні барлығын салмақты түрде жасағанын, тек қолынан граната түсіп кеткенін айтты.

Осы мезетте сарбаздың қасында тұрған полковник жедел шаралар қолданып, снарядты траншеяға лақтырған. Кейіннен сарбазды өз денесімен жауып алған.

Алайда бірнеше секундтардан соң болған жарылыс сарбазды да, полковникті де жаралаған.

"Дәрігерлер 20-ға жуық сынық шығарды", - деген офицер маңызды ағзалары зардап шекпегенін айтты.

Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы жақсарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800801-20-ga-zuyk-synyk-sygardy-polkovnik-granatamen-bolgan-okiga-turaly-ajtty/

pixel