Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірі сары, бірі қара": Бір-біріне мүлде ұқсамайтын егіз қыздар әлемді аузына қаратты

Опубликовано:

Ұлыбританияның Лостер қаласында дүниеге келген Люси мен Мария Эйлмерді көрген адамның таңғалмасына шара жоқ. Бір қарағанда бір-біріне мүлде ұқсамайтын қыздар шын мәнінде егіз. Көпшілік арулардың нағыз туған әпкелі-сіңілі екеніне сенебей жатады. Себебі, Люси ақшыл әрі шашының түсі қызғылт сары болса, Мария керісінше, қара торы әрі бұйра қара шашты қыз деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Instagram

Егіз қыздардың әкесі Винс ақ нәсілді болса, анасы Донна жартылай ямайкалық болып табылады.

"Біздің егіз екенімізге ешкім сенбейді. Себебі мен ақпын, ал Мария қара торы. Тіпті, бірдей киініп алсақ та, бізді егіз тұрмақ туған әпкелі-сіңліліге ұқсатпайды. Бастапқыда біздің жаңа достарымыз біздің егіз екенімізге сенбей туу туралы куәлікті көрсетуді талап еткен" , - дейді Люси.
Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Instagram

Дегенмен ақиқаты сол - бұл бойжеткендер егіз.

Люси мен Марияның кішкентай кезіндегі суреті. Фото: Bigpicture.ru
Люси мен Марияның кішкентай кезіндегі суреті. Фото: Bigpicture.ru: Twitter

Түрлі нәсілді егіздердің өмірге келу оқиғасы 500 адамға шаққанда тек бір адамда ғана кездеседі. Люси мен Мария сырт келбеті бір-бірімен ұқсамағанымен, ішкі жан дүниелері қатты ұқсайтынын айтады.

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Twitter

Люси мен Мария Ұлыбританияның Глостер қаласында 1997 жылы дүниеге келген. Бүгінде бойжеткендер 18 жаста.

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Instagram

Егіздердің анасы өзінің қыздары өмірег келгенде қатты таңғалған. Ол бастапқыда дәрігерлер қателік жіберді деп ойлап қалғанын жасырмады.

Егіз қыздардың отбасылық суреті. Фото: Bigpicture.ru
Егіз қыздардың отбасылық суреті. Фото: Bigpicture.ru: Instagram

Әпкелі-сіңлілер әр түрлі білім ордасында оқиды. Люси өнер мен дизайн мамандығына түссе, Мария құқық пен психологияны меңгеріп жатыр.

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Instagram

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Twitter

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Getty Images

Фото: Bigpicture.ru
Фото: Bigpicture.ru: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800833-bir-birine-mlde-ksamajtyn-kyzdar-egiz-bolyp-sykty/

pixel