RU

Сириядан оралған Оралдық сегіз жылға сотталды

Орал қаласының 19 жастағы тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жігіттің туыстары сот үкімімен келіспей отыр деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сириядан оралған Оралдық сегіз жылға сотталды
Фото: Абай Хамзулинов/ "Ақ Жайық" арнасының фильмінен скриншот: UGC

Кеше 20 маусым күні Орал қалалық соты 19 жастағы Абай Хамзулиновқа үкім шығарды. Ағымдағы жылдың қаңтарында Сириядағы тұтқыннан босатылған жігітке, "Лаңкестік ұйымдарға атсалысу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, Абай Хамзулинов "Ислам мемлекеті" содырларының операцияларына қатысқан.

"Сот Абай Хамзулиновты 257 баптың екінші тармағы "Лаңкестік ұйымдарға атсалысу" бабы бойынша кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режим колониясында өтейді", - дейді судья Найля Жүнісова.

Алайда Хамзулиновтың туыстары сот үкімімен келіспей отыр. Олардың сөзінше, баланы ата-анасы 15 жасында Түркияға алып кеткен. Бұған әкесінің діни көзқарастары себеп болған. Абайдың қарындасы бар екен. Түркияға барған әкесі ұлын алып, Сирияға өткен. 16 жасқа толғанда, баланы Сирия аумағындағы әскери дайындық лагеріне алып кеткен.

Бір жылдан кейін бала ол жерден қашып, күрдтерге тұтқынға түскен.

"Сот шешімімен келіспейміз. Абайдың еш кінәсі жоқ. Ол әскери әрекеттерге қатыспаған, лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмаған. Тергеудің айыбы, оның әскери лагерде болуы. Бірақ оны онда баруға мәжбүрлеген. Сириядан оралған кей ер азаматтарды үш бап бойынша осы мерзімге сотталып жатыр", -деді сотталушының әпкесі Сәуле Курьян.

Тұтқында жатқан Абай Қазақстан үкіметінен оны босатуды өтініп хат жазған.

"Ол Қазақстанға, жақындарының қасына оралуды қалады. Оның Еуропа немесе Америкаға кететін мүмкіндігі болды, бірақ ол Отанын таңдады. Бауырым сонша қиындықты еңсеріп, Отанына оралған кезде, оны бұл жерде түрмеге отырғызады деп еш ойламаған", - деді көз жасына ерік берген Сәуле Курьян.

Абай Хамзулиновтың туыстары облыстық сот алқасына сот үкіміне шағым түсірекші.

Қазір Абайдың барлық отбасы мүшелері Қазақстанда. Оның әкесі қазір экстремизм мен лаңкестік бойынша айыпталып, қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800860-siriadan-oralgan-oraldyk-zas-zigit-segiz-zylga-sottaldy.html