Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-ге алғаш қатысқан қазақ жігіті енді Қазақстанның намысын қорғамақ

Опубликовано:

Аралас жекпе-жектен бірнеше дүркін Қытай чемпионы атанған спортшы Жұмабек Тұрсын енді Қазақстан намысын қорғамақ деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook

"Тянь-Шань барысы" лақап атымен халқаралық ММА саласында танылған қандасымыз  22 маусымда Бейжің қаласында өтетін "Kunlun Fight" ережесіз жекпе-жек кешінде өнер көрсететін болады.

Спортшының бапкері Алмас Тұраровтың сөзінше, Жұмабек жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған. Енді ол жарыстарға өзінің тарихи Отанының атынан шықпақшы.

Жұмабек Тұрсынның алдағы жекпе-жектегі қарсыласы қытайлық спортшы Яо Хоңгаң болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800870-birnese-drkin-kytaj-cempiony-atangan-etnikalyk-kazak-endi-el-namysyn-korgamak/

pixel