RU

Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының Астана алаңында уақыт капсуласын салды. Капсула Елбасы тұлғасының тарихи маңызын білдіреді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Капсула ҚБТУ ғимаратының алдындағы саяжолға салынды. Символы ретінде тас композиция қойылды. Ежелде сақ тайпаларында және түріктерде тас ақпарат тасушы киелі зат болып есептелетін. Ол арқылы ұрпақтарға хабарлама қалдыруға болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Таста ұлттық оюлардың заманауи көрінісі бейнеленген. Олардың таста қашалу әдісі ежелгі петроглифтерге барынша жақындатылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сондай-ақ шығармашылық шешімнің негізіне "аң" стиліндегі сақ суреттері жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Таста латын тілінде мынандай мәтін жазылған:

"Qazaqstan Respýblikasynyń Tuńǵysh Prezıdentі – Elbasy N.Á. Nazarbaevtyń keleshek urpaqqa arnaǵan ýaqyt kapsýlasy Qoıylǵan kúnі - 21.06.2019 j. Ashylatyn kúnі - 22.06.2049 j."

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жұмыс авторы Санжар Жұбанов.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Қазақстан тарихының көркем өнерінің әртүрлі кезеңдерінің ұштасуы халқымыздың бірнеше мыңжылдық тарихының көрінісі, ұрпақтар арасындағы мызғымас байланыс, мәдениет пен дәстүрдің жалғасуын, сондай-ақ болашақпен тығыз байланысты білдіреді",- деді Қазақстанның Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мұндай шығармашылық шешім Елбасының еліміздің қиын кезеңіндегі Елбасының тұлғасының мәнін айқындайды. Елді басқарған 30 жылда Нұрсұлтан Назарбаев әлемдің қауымдастықта құрметке ие болған тәуелсіз, өркендеуші ел құрды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Тұңғыш президенттің жолдауы жазылған капсуланы болашақ ұрпақ 2049 жылы, 30 жылдан кейін ғана аша алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ол халықтың және көшбасшының болашаққа деген ұмтылысын сипаттап, "Мәңгілік ел" концепциясы мен стратегиялық жоспарлардың жүзеге асуына деген сенімін білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Айта кететін жайт, 1989 жылы 22 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған еді. Содан бері ол елді үздіксіз 30 жыл бойы басқарды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда уақыт капсуласын салды (фото)
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800873-nazarbaev-almatyda-uakyt-kapsulasyn-saldy-foto.html