RU
Назгүл Адамалиева: Бизнес оқырмандарға қызықты жайттарды әңгімелесе, керемет

Назгүл Адамалиева: Бизнес оқырмандарға қызықты жайттарды әңгімелесе, керемет

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ IT-компаниясының арнайы жобалар бөлімінің басшысы Назгүл Адамалиева Қазақстандағы бизнесті дамыту үшін тиімді жарнаманың пайдасы туралы айтып берді.

Назгүл Адамалиева

Назгүл Адамалиева

- Мен алдымен өзімді SMM-де сынап көрдім, бұл мен үшін digital-саласына кіру жолы болды. Кейін мен жұмысымды өзгертіп, нативті жарнамада өз күшімді сынап көруге бел будым. Осылайша мен NUR.KZ IT-компаниясына келдім.

Маған әріптестерімнің біліктілігі және компаниядағы жұмыс процестерінің реттілігі өте ұнайды. Жарнамалық бизнес саласының көптеген жаңалықтарын біз бірге білеміз, бұл бізге кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі. Біздің команда "клиент сапалы жұмыс алуы керек" қағидасын ұстанады.

- Назгүл, NUR.KZ арнайы жобалардың тарихы неден басталғанын айтып берсеңіз?

- Ең алғашында "Қазақстанда жасалған" арнайы жобасы болды. NUR.KZ сату бөлімінің қызметкерлері қазақстандық кәсіпкерлерге табысқа жету жолдарымен бөлісуді ұсынды. Екінші болып "Лайфхаки" жобасы іске қосылды, редакция оқырмандарға күнделікті сұрақтар бойынша практикалық кеңестер берді.

Біз жүзеге асырған ең бірінші жоба ірі клиент - Asia Waters компаниясы үшін болды. Сол кезде арнайы жобалар командасы нағыз "әскери шоқыну (боевое крещение)" алды.

Біз жобаларды тиімді, яғни сайтқа кірушілер үшін қызықты және пайдалы жасауға тырысамыз. Арнайы жоба әдеттегі жарнамаға ұқсамайды, сондықтан оқырмандардың бас тарту сезімін тудырмауы керек. NUR.KZ бас директоры Қуат Бахридинов компания қызметкерлеріне «басты жұмыс беруші – біздің оқырманымыз» екенін нақты жеткізе алады.

Назгүл Адамалиева

Назгүл Адамалиева

- Арнайы жобалардың жарнаманың басқа түрлерінен басты айырмашылықтарын атаңыз…

Жарнамадағы трендтер тез өзгереді. Егер интернеттегі ең бірінші баннерге оны көрген пайдаланушылардың 78% тінтуірді басқан болса, қазір 1% көрсеткіш, негізінде, баннердің тиімді жұмыс істегендігін көрсетеді. Желіде жарнамалық шу көбейіп кетті. Адам күніне шамамен 3000 жарнамалық хабарлама алады! Біздің мақсатымыз - бұл ағынды жарып өтіп, адам тұтынуға дайын ақпарат пайызы ішінде болу.

Әрбір жарнамалық құралдың өз міндеттері бар. Баннерлік жарнама клиент сайтына өтуді қамтамасыз етеді, ал нативті жарнама әлеуетті пайдаланушыға өнім туралы қызықты және пайдалы ақпаратты айтуға мүмкіндік береді. Бизнес өзі туралы емес, оқырманға шын мәнінде қызықты болуы мүмкін жайттар жайында әңгімелегені керемет.

Арнайы жобалардың міндеті - пайдаланушылардың назарын аударатын тақырып пен тәсілді табу және жарнама беруші жобада барынша органикалық түрде қатысатындай етіп жасау.

Егер біз бәрін дұрыс орындасақ, онда пайдаланушылар жарнамалық науқан аяқталғаннан кейін де оны оқуды жалғастырады. Ол пайдаланушылар желіде қажетті ақпаратты іздеген кезде пайда болады. Бұл екі себеп бойынша орын алады: мазмұн пайдалы болғанда және NUR.KZ оңтайландырылған іздеу қызметі оған іздеудің бірінші жолында болуға мүмкіндік береді.

Нативті жарнаманың артықшылықтары

* редакция осындай материалдармен де, редакциялық контентпен де жұмыс істейді, еске сала кетсек, ол оқырмандардың қызығушылығына ие болуы тиіс;

* нативті жарнаманы бұғаттаушылар танып біле алмайды;

* нативті жарнамадағы пайдалы мазмұн оқырманға редакция мен брендке оның мүддесі маңызды екенін, ал бұл пайдаланушылардың жүрегіне тікелей жол екенін айтады

Неден қауіптену қажет

Жақсы материал үшін тақырыптар әрдайым бетінде жатпайды, жарнама беруші процесске көбірек тартылуы керек:

* батырларды іздеуге көмектесу;

* өз бизнесінің нюанстары туралы айту;

* мақтау сөздерінің санын арттыруды өтінбеу;

* өз тауарлары мен қызметтерінің сапасына сенімді болу.

* редакцияға сену. Біздің тәжірибе көрсетіп отырғандай, клиент бізге сенген кезде тамаша жобалар жасалады. Барлық нақты түзетулер, әрине, қабылдануда, бірақ тұжырымдаманың түбегейлі өзгеруі басында ойланғаннан гөрі сәтті болмады.

- Арнайы жобалар Қазақстандағы бизнестің дамуына қалай әсер етуі мүмкін?

- АҚШ-та нативті жарнамаға жұмсалған бюджет көлемі қарқынды өсуде. Мен Батыстағы жарнама көлемі мен сапасы мүлдем басқа деңгейде екенін түсінемін. Менің білуімше, тек NUR.KZ арнайы жобалардың тұтас бөлімі бар. Біздің команда аптасына 40 сағаттық жұмыс уақытын зерттеуге, жасауға және сатуға жұмсайды.

Назгүл Адамалиева командасы

Назгүл Адамалиева командасы

Арнайы жоба - бұл әрбір клиент үшін бірегей ұсыныс. Біз сұрау аламыз, одан кейін тапсырыс беруші үшін шағын жарнамалық науқанды дайындаймыз. Біз клиентке идеяны сатамыз, жобаны жасаймыз, журналистерді таңдаймыз, дизайнермен жұмыс істейміз, алға жылжу жоспарын дайындаймыз. Біз таза мақала NUR.KZ сайтына және әлеуметтік желілерге уақытында түсу туралы ойлаймыз.

- Назгүл, сіз қандай жобаларды табысты деп санайсыз?

- Әрине, менің өз рейтингім бар. Мен жұмыс істеген клиенттердіңішінде неміс әуе тасымалдаушысы – Lufthansa - ең үздік клиент. Біздің компания әрқашан өзіне амбициялық мақсаттар қояды, мұндай клиент олардың бірі болды. "Американдық және Еуропалық демалыстар" арнайы жобасы жеңіл, қызықты және пайдалы болды. Материалды біз ойлағаннан гөрі көп адам оқыды, ал клиент біздің көзқарасымызға және ұсынысымызға толық сенім білдірді.

Маған өзімді адамдарға пайда әкелетін жұмыс жасап жүргенімді сезінуге итермелеген жоба – бұл түрік клиникасымен жұмыс. Бұл жоба идеясы - қазақстандықтарға тегін кеңес беру және талдаулар бойынша докторлардың баламалы пікірін ұсыну болып табылады. Әрбір материалда бізде өтінім нысаны болды, онда кез келген адам дәрігерге арналған ақпарат қалдыра алды.

Біз жобаны көп жыл бұрын бітірсек те, мен әлі күнге дейін форманы толтыру туралы хабарламаларды аламын да оларды түрік клиникасына жіберемін. Адамдар әлі сауалнамаларды толтыратыны маңызды. Мен клиентке олардыңқазақстандықтар үшін жасап жатқан амалының бір бөлшегі болуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығымды білдіремін.

Бізді шеңберден шығуға мәжбүр ететін жарнамалық кампаниялар – бұл құрылыс бизнесі. Науқан, әдетте, нысан құрылысы басталғанға дейін басталады. Тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сатуды бастау үшін қазаншұңқырдыңөзі-ақ жеткілікті. Бір күні біз қарапайым адамдардың мақсаттары мен тарихы бар материал жасауға шешім қабылдадық. Тұрғын үй тақырыбы біз айтқан тақырыптардың бірі ғана болды. Мақаланың басты ерекшелігі – ол бизнес туралы емес, адамдар туралы болды. Міне, осындай қазаншұңқырлар бізді әріптестерімізбен қиялдауға мәжбүр етті.

62222

- Табысты арнайы жоба үшін идеяларды қайда іздеу керек?

- Мен ақша табамын, сондықтан мен өз шабытымныңқұлы бола алмаймын. Менде KPI бар. Идея – пән мәселесі. Креатив - қарапайым нәрселерге стандартты емес қарау. Мен шабытты қайдан аламын? Кітап оқимын. Мысалы, "сіз Огилви болмасаңыз, идеяны қалай ойлап табу керек" кітабы - онда өте жақсы кеңестер мен практикалық тапсырмалар бар. Маған көбірек ұнайтын бір тәсіл — клиенттің өзін егжей-тегжейлі зерттемей, арнайы жоба өндірісіне кірісуге болмайды. Сен өз тапсырыс берушің жайлы «екі парақты жазбайыңша», жобаны бастамайсың. Бұл үдеріске батқан кезде, сіз клиенттің байқамағанын көріп отырсыз.

Бұл танымдық және қызықты. Менің жұмысымның ерекшелігі, әр күн түрлі жобалармен жұмыс жасаймын: детокстың қажетсіздігінен ТҰқұрылысына дейін.

Клиент үшін барлық ең тиімді болып табылатынныңбарлығы параллель әлемнің шексіз креативіде емес. Жоғарғы жауаптар әрқашан бетінде.

- Арнайы жобалар үшін геймификация форматы қазақстандық нарықта жұмыс істейді ме?

- Әрине, жұмыс істейді, бірақ бәрі клиенттің нақты міндеттеріне байланысты. Неге біз тесттер мен ойындарды ұсына бастадық?

NUR.KZ оқырмандар оларды жақсы көреді. Нативті жарнаманың барлық идеялары - бұл тек менің қалауым ғана емес, оқырмандардың талғамын терең талдау.

Бірақ тіпті жобаның вирустық әлеуеті туралы айту үшін оқырмандар жақсы көретінін анық түсіну жеткіліксіз. Жиі клиенттер дәл "интернет арқылы өзі тарап кететін" дүниені ойлап табуымызды сұрайды. Біз бұған кепілдік бере алмаймыз. Біздің команда материалды дистрибуциялау арналарын таңдайды, бірақ вирусты контент рецептін әлі таппады, алайда екінші "көк немесе сары" көйлекті қалай жасау керектігі әзірге ешкімге түсінікті емес. Мұндайды талап ету бұл жаңылысу, оның құрсауына маркетологтар мен бизнес иелері түсуі мүмкін

Назгүл Адамалиева

Назгүл Адамалиева

Желідегі контенттің қарқынды өсуін ескерсек, нативті жарнаманың болашағы қандай?

- Әлемді әрдайым оқитын адамдар басқарады. Арнайы жобалардың ерекшелігі - біз өзімізді шектемейміз. Ертең клиенттің қажеттілігі мен NUR.KZ мүмкіндіктері біз қосымша шындықта бірдеңе жасайтындай жағдайға жетеді. Бұл да арнайы жобалар деп аталады. Бүрсігүні біз минисериал түсіре бастауымыз мүмкін. NUR.KZ бар нәрсеніңбарлығы, оқырман қажеттілігінен қалыптасты. Біз видеожарнаманы да ескермей қоймадық, ол арнайы жобалардыңқосымша құралы бола алады.

Бізді алда еңжарқын болашақ күтуде. Бизнесте барлығы кешенді шешімдерге қарай күрделенетін болады. Ал олардың ең жақсысы -арнайы жобалар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel