RU

"Ресей - біздің жауымыз": Грузия президенті елдегі тәртіпсіздік үшін Мәскеуді айыптады

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Facebook парақшасында 20 маусымда Тбилисиде парламент ғимаратының алдында болған тәртіпсіздіктер Ресей Федерациясына пайдалы екенін мәлімдеді деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Саломе Зурабишвили. Фото: facebook
Саломе Зурабишвили. Фото: facebook: Facebook

Зурабишвилидің сөзінше, Ресей жетекшілік ететін "бесінші бағана" мемлекетке ашық шабуылға қарағанда үлкен қауіп төндіреді.

Президент жаппай наразылық акцияларына қатысқандардың басқа елдің мүдделерін көздейтініне сенімді екенін атап өтті.

"Ресей - біздің жауымыз және басқыншымыз", - деді ол.

Айта кету керек, митингке Мемлекеттік дума депутаты Сергей Гавриловтың Халықаралық Православие Ассамблеясының 26-сессиясында қатысуы себеп болды.

Депутаттың өзі ереуілшілердің спикер орнын босату туралы талабын Грузия ішіндегі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға итермелейтін маневр деп есептейді.

Еске сала кетсек, Тбилисиде болған тәртіпсіздік салдарынан 52 адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800908-resej---bizdi-zauymyz-gruzia-prezidenti-eldegi-trtipsizdik-sin-mskeudi-ajyptady.html