Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузиядағы ереуілдер: сылтау, себеп, реакция

Опубликовано:

20 маусым күні кешке Грузия астанасы Тбилисиде бірнеше мың адамнан құралған ереуіл болды. Ереуілшілер парламент ғимаратына басып кірмек болды. Полиция топты жас ағызатын газбен, резеңке оқ және суатқышпен тыныштандыруға тырысты деп хабарлайды Snob.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Грузиядағы ереуілдер: сылтау, себеп, реакция
Фото:Twitter/@Dialog_UA/@novaya_gazeta/@alekc1993: Facebook

Тәртіпсіздіктердің орын алуына Грузия парламентінде ресейлік коммунист-депутат Сергей Гавриловтың сөз сөйлеп, православияның парламентаралық ассамблея отырысын ашуы сылтау болды.

"Еуропалық Грузия", "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партия мүшелеріне Гавриловтың спикер орындығында отырып және орыс тілінде сөйлегені жақпай қалған.

Оппозициялық партия өкілдері мінбені бұғаттап, ресейлік депутатты күзетшілері қонаүйге алып кеткен. Сол күні-ақ ресейлік делегация елден кеткен.

"Грузия арманы" басқарушы партия төрағасы Бидзина Иванишвили, премьер-министр Мамука Бахтадзе және парламент спикері Ираклий Кобахидзе көпшілік алдында кешірім сұрады. Олар "басқыншы ел өкілі қысқа уақытқа болсын, Грузия парламентінің төрағасы орнына отырғаны үшін" кешірім сұрады.

Ресейлік парламент өкілі грузиндік тарап одан спикердің орнына жайғасуды өздері өтінгенін жеткізді.

Парламент алдындағы наразылық

Грузия оппозициясы парламент төрағасы Ираклий Кобахидзенің, ІІМ Георгий Гахарий, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Вахтанг Гомелаури отставкасын талап етіп, шешім қабылдауға бір сағат уақыттары барын мәлімдеді.

Кешкісін ереуілшілер парламент алдына жиналып, "ресейлік басқыншылыққа" наразылықтарын білдірді.

Полиция ереуілге шыққандарды суатқыштың, резеңке оқтың және жас ағызатын газ бен акустикалық зеңбіректің көмегімен қуды. Олар жауап ретінде полицейлерге бөтелке лақтырды.

"Рустави 2" арнасының ақпаратынша, наразылық білдірушілер Ресейге қарсы ұрандар айтып, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны басуды доғауды талап етті.

Түнде тәртіп бұзушылар басқарушы партияның кеңсесін және партия нышанын өртеп жіберді.

Арна ақпараты бойынша, тәртіпсіздіктер барысында 60 адам зардап шегіп, 15 адам ауруханаға жеткізілді.

Наразылық шаралары кезінде полицияның 39 қызметкері және 8 БАҚ өкілі әртүрлі жарақат алғаны хабарланды.

Бір журналист резеңке оқ салдарынан көзінен айырылған.

Грузияның бірінші арнасы тәртіпсіздіктерден төрт қызметкері зардап шеккенін хабарлады.

Оқиғаға реакция

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ереуілдеушілерді қолдап, полицияны халықтың жағына өтуге шақырды.

Ел президенті Саломе Зурабишвили Саакашвилидің ұстанымын "ақылға қонымсыз" деп есептейтінін жеткізді. Оның сөзінше, деструктивті оппозициялық күштер, озбырлық пен тәртіпсіздіктерді арандатуда, олар "Мәскеу жоспарын" жүзеге асыруда.

Ел президенті Мамук Бахтадзенің пікірінше, бұл әділ наразылық. Дегенмен, оның сөзінше, оппозициялық күштер елдегі жағдайды ушықтырмақшы. Оның сөзінше, наразылықты ұйымдастырғандардың бәрі жазаға тартылады.

Ресей СІМ Грузияның "радикалды саяси күштерінің" әрекеттерін сынға алды.

АҚШ бұл оқиғаға бейтарап қарап, қақтығысушы тараптарды сабырлыққа шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800920-gruziadagy-ereuilder-syltau-sebep-reakcia/

pixel