RU

Төреғали мен кішкентай қызының видеосы көпшілікті сүйсінтті

Төреғали Төреәлі қызымен түскен видеосын жүктеп, елді тәнті етті. Көпшілік әнші презентінің тәтті қылығына сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қызы Тоғжанмен далада жатқан видеосын шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан әкесі мен қызының сөйлесіп, артынан бірге жөтеле бастағанын көруге болады.

Желі қолданушылары әкесі мен қызының қарым-қатынасына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Олардың басым көпшілігі әншінің қызына сүйсінгенін айтуда.

"Қандай тамаша көрініс. Әкесі мен қызы сондай тәтті өздері" , "Қандай сүйкімді қыз. Әкесіне еркелеп жатыр" , "Сондай тәтті қызыңыз. Тіл көзден сақтасын" , "Қылықтары қандай тәтті" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800925-tregali-men-kiskentaj-kyzyny-videosy-eldi-sjsintti-video.html