RU

Ресейлік блогер: Ресейлік шоу-бизнес Димаштан қорқады (видео)

Ресейлік блогер эмоционалды видео түсіріп, ресейлік телевидениесінде қазақстандық Димаш Құдайберген клиптерінің неге көрсетілмей жатқанын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік блогер: Ресейлік шоу-бизнес Димаштан қорқады (видео)
Фото:instagram.com/kudaibergenov.dimash/instagram.com/budda77777: Facebook

Ресейлік танымал блогер Будда Гришна YouTube-арнасында қазақстанның белгісі жұлдызы Димаш Құдайберген жайында видео түсірді. Ресей азаматы жас орындаушының "МУЗ-ТВ" марапатындағы орындауына тәнті болып, телерадиокомпаниялардың оның әндері мен клиптерін көрсету керегін айтты.

"Ол ән айта бастаған-ақ аузым ашылып, соңына дейін аузымды ашып отырдым. Бәрі Димашты таниды, он миллионнан аса қаралым жинаған. Өте дарынды адам, гауһартас, өзге ғаламнан келгендей. Дауысы - өзге ғаламдық. Камера оны көрсетпейінше, әйел дауысымен орындап жатқанына сене алмадым. Керемет. Тірі адам мұндайды істей алмайды. Димашқа сұрағым бар: Сен адамсың ба? Меніңше, ол адам емес. Өзге ғаламдық", - деп сөзін бастады блогер.

Осыдан кейін ол негізгі сұрағын қойды: "Неге ресейлік арналар Димаш Құдайбергеннің клиптерін көрсетпейді?".

"Неге мен, музыкалық телеарналарды қосып, бір музыка мен әндерді естимін. Орта дауыспен жұмыс істеу оңай ма? "МУЗ-ТВ" ән айтқан кезде, шыңғырып ән салатын, көзілдірік пен кепка киген ресейлік шоу-бизнес бұттарына жіберіп қойды. Себебі костюм киген жігіт шығып, жанды дауыста Муслим Магомаев сияқты ән салып берді", - Будда Гришна.

Блогер эстраданы жалаңаштану орнына айналдырғанына қатты қамықты. Оның сөзінше, Димаш ән орындаған кезде бәрі демалып қалды.

"Бірақ оның клиптері қайда? Әндері қайда? Неге оларды қоймайды? Олар еш жерде жоқ. Қытайда - бар, Америкада - бар, Англияда - бар, Қазақстанда - бар, Ресейде - жоқ. Неге? Қажетті жерге ақша төлемеді ме? Бізде екінің бірі клип түсіреді. Таңертең ән айтса, кешке оны ұмытады. Димашты теледидардан көргім келеді. Димаш Құдайбергенді тыңдағым келеді", - деді ер азамат.

Блогер Димаштың әндері барлық музыкалық арналарда, радиоарналарда көрсетілуін талап етті.

"Бөкселерін көрсеткен қыздарды көрсетіп, халықты азғырмай, мәдениетті, жоғары интеллектуалды бес октавалы адамды көрсетіңіздер. Адамдарды мәдениетке баулыңдар", - деп сөзін қорытындылады ол.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Мәскеуде "МУЗ-ТВ-2019" марапатында өнер көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800941-resejlik-bloger-resejlik-sou-biznes-dimastan-korkady-video.html