RU

Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атады

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков парламент сенатының отырысында теңге курсының нығаю себептеріне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Қазіргі уақытта мұнай бағасы тұрақтанды, ресей рублі нығайды, Ресейдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Нарықтағы жағдайды сіздерде көріп жүрсіздер. Курс өтпелі, бірақ ол нығайды, көлем қалпына келуде", - деді Смоляков.

Еске сала кетсек, президенттік сайлау алдында ұлттық валютаның құлдырауы туралы белсенді талқыланды. Сол уақытта Олег Смоляков бұған ешқандай себеп жоқ екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800971-lttyk-bank-tegeni-nygau-sebeterin-atady.html