RU

Тұрғымбаев ІІМ бөлімшелерінің жемқорлыққа бейім екендігін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тұрғындармен есеп беру кездесуінде министрлік бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа бейім екендігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC
"Біз талдау жасау арқылы ірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ұшыраған бөлімшелерді анықтадық. Бұларға тіркеу және ақпарат бөлімдері, жол миграциялық қызметтері жатады.
Сондықтан, біз жұмысты ұйымдастыру көзқарасын түбегейлі өзгерттік, оның ішінде халықпен байланыстыларын барынша азайта алдық", - деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, полиция мамандандырылған халыққа қызмету орталықтарынан кетіп қалған.

Сонымен қатар, ІІМ Қазақстанда екінші рет рәсімделетін көлікті тексеруден бас тартты.

"Қазақстан азаматы Қазақстанның басқа азаматынан көлікті қайта рәсімдей алады. Ол бұған дейін тіркеу нөмірін тексеру және растау үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына транспортты апарып, тіркелген нөмірін растату қажет болатын. Енді көлікті визуалды тексермейді, барлық мәліметтер оның техпаспортында көрсетіледі", - деді Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800978-trgymbaev-iim-blimselerini-zemkorlykka-bejim-ekendigin-ajtty.html