Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының тағы бір экипаж мүшесі көз жұмды

Опубликовано:

Кеше, 20 маусым күні, елорда маңайында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан ұшқыш қаза тауып, экипаждың екі мүшесі зардап шеккен болатын. Бүгін, 21 маусымда жарақат алғандардың бірінің көз жзұмғаны анықталды деп хабарлайды "Хабар 24"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Facebook/Denis Krivosheyev
Көрнекі сурет: Facebook/Denis Krivosheyev: UGC

Телеарнаның хабарламасында ұшақ құлағаннан кейін елордалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген экипаж мүшелерінің бірі сол жерде қайтыс болғаны айтылды.

Естеріңізге сала кетсе, ТЖ туралы кеше белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ ЭБЖ-мен жанасу нәтижесінде жанып, құлап кетуі мүмкін.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, апаттан аман қалғандар айқайлап, көмек шақырған.

Транспортқа иелік еткен компания ұшақтың толығымен жарамды болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800985-an-2-sak-apaty-ekipazdy-ekinsi-msesi-kz-zmdy/

pixel