RU

Ішкі істер министрі тәртіп сақшыларының жалақысын өсіре ме?

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғаушылардың жалақысын көтеруге арналған шаралар жайында айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

министр
Көрнекі фото: 7kun.kz: Depositphotos
"Бірнеше күннен кейін патрульдік полиция қызметкерлері 65 проценттік үстемақы алады.

Бұдан бөлек, тергеушілер мен жедел қызметкерлер – 55 процент, учаскелік инспекторлар мен оқу орындарының оқытушылары – 25 процент, ал қалған қызметкерлердің жалақысы 20 процентке артады.

Аталған шаралар 1 шілдеден бастап қолға алынады", - деді Тұрғымбаев бүгінгі есеп беру кездесуінде.  

Министрдің айтуынша, ішкі істер органдарын жаңғыртуға арналған жол картасы аясында кадрлық оңтайландыру шаралары атқарылған. 

Соның нәтижесінде біраз қаржы үнемделді. Аталған қаражат ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталады.

Айта кетейік, штаттық оңтайландыру шаралары кезінде жеке құрам 10 процентке азайды.

Осылайша, ішкі істер министрлігінің құрылымдары мен органдары 10 592 штатқа қысқарып отыр. Бұдан бөлек, 1 180 басшылық қызмет оңтайландырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800990-iski-ister-ministri-trtip-saksylaryny-zalakysy-kalaj-setinin-ajtty.html