RU

Алдағы үш күнде еліміздің барлық өңірінде күн ысиды

Алдағы үш күнде еліміздің барлық өңірінде күн ысиды деп хабарлайды Қазгидромет.

Көрнекі фото: eaomedia.ru
Көрнекі фото: eaomedia.ru: Twitter

21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр. Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды.

Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады.

Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801011-aldagy-s-knde-elimizdi-barlyk-irinde-kn-ysidy.html