RU

Елорда маңындағы ұшақ апатынан көз жұмған екінші ұшқыш Ресей азаматы болып шықты

Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатынан көз жұмған екінші ұшқыш Ресей азаматы болып шықты. Бұл туралы Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігі Twitter парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik/ Стрингер
Фото: Sputnik/ Стрингер: Instagram

Елшілік екінші ұшқыш А.В.Мироновта ресейлік азаматтық болғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, оқиға орнында бір ұшқыш қаза тапты.

Апаттан тағы екі адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, екінші ұшқыш аурханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801014-elorda-mayndagy-sak-apatynan-kz-zmgan-ekinsi-skys-resej-azamaty-bolyp-sykty.html