RU

Асқар Мамин Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті деп хабарлайды primeminister.kz.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан Өзбекстанмен жан-жақты өзара тиімді байланыстарды кеңейтуді көздейді", — деп А. Мамин, бұған Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев берік негізін қалаған, екі ел арасындағы соңғы жылдары қалыптасқан шынайы стратегиялық серіктестік ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстан премьер-министрі көлік және транзит, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, энергетика, қорғаныс-өнеркәсіптік сала, цифрландыру, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы зор перспективаларды атап өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801023-askar-mamin-taskentte-zbekstan-prezidentimen-kezdesti.html