RU

Түркістан қаласындағы университеттен өрт шықты

Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің оқу корпусынан өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тілсіз жау 21 маусым күні таңғы сағат 09.55-те тұтанған.

"Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылы 29В​ мекен-жайында орналасқан Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 4 қабатты ғимаратының​ ​ №2 оқу корпусының цокольдық бөлмесіндегі оқу парталары мен шкафтары өртенген.​ Өрт орнында 3 бірлік оқу партасы, 1 бірлік оқу шкафы және әр түрлі қағаз материалдары жойылды. Өрт 10-32-де оқшауланып, 10-45-де жойылды. 4 адам құтқарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ",-деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті ауыздықтауға Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің отыз қызметкері мен жеті техникасы жұмылдырылған. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік-инспекторлық құрамы осы университетте осы жылдың сәуір айында өртке қарсы дайындық жағдайын бақылап тексеруден өткізген. Сол кездің өзінде тексеру нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің 18 бұзушылығы анықталған.

"Тексеріс қорытындысы бойынша Әкімшілік жауапкершілікке тартылып,​ "Қ А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" заңды тұлға 18937,5 теңге айыппұл төлеген",-дейді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801034-trkistan-kalasyndagy-universitetten-rt-sykty.html