Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент мейрамханасында пара алған шенеунік ұсталды (видео)

Опубликовано:

Шымкентте ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды. Арада "Шымкент қаласының ветеринариялық қызметі" МКК ветдәрігері делдал болған деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Заңсыз сыйақы алу фактісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті бөлімшесі анықтаған.

Инспекция бастығының міндетін атқарушы және ветдәрігер жергілікті фирманың директорына 6 ветсертификат беру үшін 120 мың теңге көлемінде пара алған.

Күдіктілер кінәсін толық мойындағандықтан процессуалдық ұстау жүргізілген жоқ.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801044-symkent-mejramhanasynda-para-algan-seneunik-staldy-video/

pixel