Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық үміт артады": Тоқаев полицейлер мен мемқызметкерлерді құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларын және мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Халық үміт артады": Тоқаев полицейлер мен мемқызметкерлерді құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

"Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты, сол себепті халық сіздерге үміт артады. Жұмыстарыңызға табыс және береке тілеймін", - деп жазды президент.

Сонымен бірге, Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады.

"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты. Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801098-halyk-mit-artady-tokaev-policejler-men-memkyzmetkerlerdi-kttyktady/

pixel