RU

Жеңіліп көрмеген боксшы Қанат Ислам рингке қайта оралмақшы

Кәсіби мансабында жеңіліс тауып көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам рингке қайта оралатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық боксшы жарты жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға шықпақшы. Осы уақыт аралығында ол Америкада алған жарақатын емдеп, ринге дайындалған болатын.

Қанат WBO Inter-Continental белдігі үшін жекпе-жек өткізеді.

Оның қарсыласы Доминикан боксшысы Жулио Де Жесус болмақшы. Әлемдік рейтингте ол ТОП-20 боксшы тізіміне енеді.

Кездесу Алматы қаласында 5 шілде күні өтеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801109-zeilip-krmegen-bokssy-kanat-islam-ringe-kajta-oralmaksy.html