Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

49 жастағы ақтөбелік әйелдің үстіне ауладағы темір күрке құлап кеткен

Опубликовано:

Ақтөбеде әйел адамның үстіне темір күрке құлаған. Зардап шегуші тұрғын ауруханаға жатқызылды деп жазады "Диапазонға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

рарарара
Фото: Диапазон: Getty Images

Куәгерлердің бірінің айтуынша, оқиға 16 маусым күні Маресьев көшесінде, оның анасын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткен аулада болған.

"Аулада қоштасу рәсімі өтті. Адам көп болды. Әйелдердің бірі демалуға отырған, отырған бойда беседка құлап түсті!", - деді ол.

Оның сөзінше, зардап шеккен келіншек сол жерде есінен танып қалыпты. Сол маңда болған ер адамдар оны құтқаруға бірден кіріскен.

"Кейін мен оның туыстарымен сөйлескенмін, бақытымызға орай, қазір жаны аман. Бұл жағдай аса қорқынышты. Ал егер сол күркеде бала болса не болар еді? Олар бірден мертігуі мүмкін еді", - деп ойымен бөлісті ақтөбелік тұрғын.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлауынша, медициналық мекемеге таңертеңгі уақытта 49 жастағы әйел орташа ауыр жарақатпен жеткізілген.

Әйел отырған кезде темір беседканың шатыры құлап, оның арқасына зақым келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801115-49-zastagy-aktbelik-jeldi-stine-auladagy-temir-krke-klap-ketken/

pixel