RU

CҚО-да тарсылдап жауған бұршақ тұрғындарды шошытты (фото, видео)

Жаздың екінші айына жақын қалған уақытта жауған бұршақтың видеосы желіде пайда болды. Бейнежазба авторы оқиғаның СҚО, Тайыншы ауданында орын алғанын жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Twitter

Видеодан ірі бұршақтың аз уақыт ішінде тұтас ауланы жауып қалғанын анық байқауға болады.

Автор оған тек "Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншы ауданы" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары "Жаз ішіндегі қар", "Бұршақ емес, қарға ұқсайды", "Жаз салқын болатын шығар" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801125-cko-da-tarsyldap-zaugan-brsak-trgyndardy-sosytty-foto-video.html