RU

Тараздық әйелдің үстіне бұрынғы базардың қабырғасы құлап, көз жұмды

Таразда бұрынғы "Шахристан" базарының құлаған қабырғасы әйел адамның өліміне себепкер болды. Қайғылы оқиға қоқыс тазалау кезінде орын алған деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Базар қайта жөндеуге байланысты жабық тұрған. Биыл онда ғимараттарды бұзу және сауда кешенін салу жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдай жақын маңда өтіп бара жатқан әйел болашақ құрылыс алаңындағы үйінді астында болған кезде орын алған.

"Инертті материал массасының қысымымен қоқысты тиеу кезінде қабырға қираған", - деп хабарлады әкімдіктен.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Әкімдікте кінәлілерді жауапқа тартатынын атап өтті. Қаза тапқан әйелдің туған-туыстарына көмек көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801145-tarazdyk-jeldi-stine-bryngy-bazardy-kabyrgasy-klap-kz-zmdy.html