Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 жасында сұлулық байқауында жеңіске жеткен әжей таңдай қақтырды

Опубликовано:

Одессалық Светлана Гасс 60 жасқа таяған шағында әлемдік деңгейдегі сұлулық байқауларын жеңіп, көпшілікті таңғалдырып жүр. Әйел адамның сөзінше, оның мұндай жетістікке жетуіне спорт пен дұрыс тамақтану әсер еткен деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше жыл бұрын одессалық Светлана Гасс "Mrs Grandma Globe" байқауында "Керемет әже" атағына ие болып, халықаралық Ms.Transcontinental Classic сұлулық байқауының жеңімпазы атанған.

Светлананың сөзінше, ол әлемдегі ең сұлу әже атағын алуды жоспарламаған.

Алайда әйел адамның қызы оны Болгарияда өтетін қарттарға арналған жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауына жазып қойыпты.

Айтуынша, байқауда Светланаға тең келер қатысушы болмаған.

Жеңістен кейін Гасс АҚШ-та өтетін "Ms. Transcontinental Classic" америкалық байқауына шақырту алып, оны да жеңіп кетеді.

Сондай-ақ, одессалық әйел адам халықаралық сұлулық байқауларының ең жасы үлкен қатысушысы ретінде Гинестар кітабына енді.

Қазіргі уақытта Светлананың жасы 60-та, алайда, "әжейге" қарап, олай деу қиын.

Әйел адамның сөзінше, оның сұлулығының сыры генде екен. Алайда Светлана, сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға дағдыланған.

Ол аптасына үш рет спорт залға барып, жүзумен айналысып, немересімен бірге велосипед тебеді екен.

"Одессада өмірге келіп, жолым болды. Бізде теңіз бар. Немереммен бірге уақыт өткіземін, велосипед тебемін", - дейді Светлана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1801149-lemdegi-e-slu-zej-zelidegilerdi-tadajyn-kaktyrdy/

pixel