RU

"Сарайға ұқсайды": Министр Біртановтың сынына аудан әкімдігі жауап берді

Целиноград ауданының әкімдігі Денсаулық сақтау министрінің сынына жауап берді. Елжан Біртанов "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы бойынша Қабанбай елдімекеніне жұмыс істеуге келген жас мамандарға берілген баспананың жай-күйіне алаңдаушылық білдірген еді деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

смарай
Жас дәрігерлер тұратын жатақхана. Фото: Facebook/Елжан Біртанов: Facebook

«Мамандар сарайға көбірек ұқсайтын қонақүйде тұруға мәжбүр!», - деп жазды министр өз парақшасында.

Осы орайда, Целиноград аудананың әкімдігі жалпы тәжірибеден өтіп жатқан дәрігерлер тұратын жатақхананың жекеменшік екенін алға тартты.

Сол себепті де жергілікті билік бюджет ақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайтындарын жеткізді.

Ақмолада және Оразақ ауылында бірнеше жас дәрігер қызметтік үйде тұрып жатыр екен.

"Өзге өңірлерде, өкінішке қарай, қызметтік баспана жоқ", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Естеріңізге сала кетсек, демалыс күндері Целиноград ауданының Қабанбай ауылына жұмыс сапарымен барып келген денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында әкімдікті сынға алып, шулы жазба жариялаған еді.

Біртанов жас мамандарға арналған жатақхананың жай-күйін көріп, жаға ұстағанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801151-sarajga-ksajdy-ministr-birtanovty-synyna-audan-kimdigi-zauap-berdi.html