RU

Алты млн теңге ұрлаған қазақстандық альфонсты ТМД бойынша іздестіруде (фото)

Миллиондаған ақшаларды ұрлау мен алаяқтық бойынша айыпталған Мади Талқыбаев халықаралық іздеуде жүр. Әзірге ТМД елдері бойынша жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарынан нәтижесі жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Гүлденнің мұрағаты
Фото: Гүлденнің мұрағаты: Facebook

Альфонстың қалай "жақсы көріп", астаналық келіншектен алты миллион теңгені алып кеткені "Говорил на работу, а сам к жене" мақаласында айтылған.

Содан кейін Гүлденге Қазақстанның түрлі қалаларынан адамдар хабарласып, бұл азаматты алаяққа теңей бастапты.

Алайда Талқыбаев тергеу жұмыстарын жүргізу барысында іс-түссіз жоғалып кеткен. Оған қатысты сырттай қамау санкцияланды.

"Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде қалалық полиция департаментімен азаматтардың сенімін асыра пайдалану және алдау жолымен бірнеше алаяқтық жасағаны үшін М. М. Талқыбаев мемлекетаралық іздестіру жарияланды.

Айыпталушының орналасқан жерін анықтау және ұстау мақсатында іздестіру ісі шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіледі.

Қылмыскерді іздестіруге республиканың және ТМД елдерінің ішкі істер органдары бағытталған", - делінген ІІМ-нің іздестіру жұмыстарына көмек көрсету туралы мәлімдемесіне берген жауабында.
Фото: Гүлденнің мұрағаты
Фото: Гүлденнің мұрағаты: Twitter

Нұр-Сұлтан ПД ақпаратты растады. Жақында полиция іздеу салынған қылмыскерлер тізімінде оның суреті мен атын жариялады.

Алайда Гүлден альфонсты таба алмаймын деп уайымдайды. Келіншек тіпті әлеуметтік желілерде Талқыбаевтың тұрған жерін айтқан адам үшін сыйақы жариялады.

"16.08.1985 жылы туған Талқыбаев Мади Мәденбековичті сыйақы үшін іздестіруге көмектесуіңізді өтінеміз! Сома үлкен емес, бірақ кепілдік. Кез келген ақпарат мен үшін маңызды. 8 701 974 03 77 нөміріне немесе қылмыстық іздестіру бөліміне (7172) 71-60-22, 8-778-638-88-70, 8-701-716-41-20 немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз", - дейді Гүлден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801155-alty-mln-tege-rlagan-kazakstandyk-alfonsty-tmd-bojynsa-izdestirude-foto.html