RU
Чехияда митингке шыққан 250 мың адам премьер-министрдің кетуін талап етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Чехияда митингке шыққан 250 мың адам премьер-министрдің кетуін талап етті

Рассказать Вконтакте

Жексенбі күні Чехия астанасында премьер-министр Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық акциясы өтті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оған 250 мың адам қатысқан. Полиция 200 мың наразылық білдірушілер туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: regnum.ru

Фото: regnum.ru

Митингке тек Прага қаласының тұрғындары емес, мемлекеттің өзге аймақтарынан келген адамдар да қатысқан.

Акцияға қатысушылардың ішінде жастар да жоқ емес еді. Митингке шыққандар қолдарына плакат алып, премьер министрге қатысты наразылығын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі митинг 16 қараша күні өтеді деп жоспарлануда.

"Біз осындамыз" - деп айқайлады Летна саябағына келген 250 мың наразылық білдірушілер.

Саясаткер Иван Преображенскийдің пікірінше, адамға лық толған саябаққа қарамастан бәрі өзгеріссіз қалмақ. Себебі Бабиштің қолдауы мықты.

"Мұның бәрі Францияда болып өткен сары жилет науқан секілді көлемді болмаса, мемлекет бұған ешқалай әсер етпейді", - дейді ол.

Бұдан бұрын мемлекеттің 400 мың тұрғыны Бабишті премьер-министр орнын босатуын талап етіп, петицияға қол қойған.

Ол өзінің бұрынғы компанияларына төленген Еуропалық Одақ субсидиясымен алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

4 маусым күні Прагадағы Вацлав алаңында Бабиш пен Әділет министрі Мария Бенешов отставкаға кету, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету талаптары бар наразылық акциясы өтті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, наразылық акциясына 120 мыңға жуық адам шықты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel